Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖҮРГЕНОВ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖҮРГЕНОВ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

Бүгін Жалағаш ауданы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдығына орай «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов» атты 9-10 сынып оқушылары арасында Жүргенов оқулары облыстық байқауы өтті.
17.10.2018 16:12:15 | 101 рет қаралды


Байқауға Қызылорда қаласынан және аудандардан 10-нан астам өнерпаз қатысты.
Облыстық байқаудың алғысөзін ашқан аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы Тажмаханов:
- Бүгін 120 жылдығы аталып жатқан Темірбек Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім. Ол Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Саналы ғұмырын мемлекетіміздің өркендеуіне, туған жеріміздің көркеюіне арнаған тұлғаларды өскелең ұрпақ білу қажет. Ал, аға буынға құрмет көрсету бүгінгі мына біздердің алдымызда тұрған міндет десек те болады – дей келе, қолына қалам ұстап, сөз өнерін серік еткен жас өрендерге сәттілік тіледі.

Сайысқа Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәби Аңсат бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Сайыс нәтижесінде жалағаштық Нұрай Тыныштықбай бас жүлдені иеленсе, қармақшылық Бекзат Төлепберген І орынға ие болды. Ал қазалылық Дінберген Көркем мен шиелілік Ақжарқын Ахметжан ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру