Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Аптаның бейсенбісінде аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың оңтайлы жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
31.10.2018 10:27:41 | 141 рет қаралды


Басқосуда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахимов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халық мүддесі үшін қабылданған шешім екенін жеткізді.

– Медициналық қызмет қажеттігі туындаса, сақтандырылған науқасқа қордағы жиналған қаржы кепілдік береді. МӘМС-тің негізгі мақсаты халықтан түскен жарнапұл арқылы денсаулық сақтау саласын дамыту, жетілдіру. Заманауи технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, медициналық қызметтің сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың өмір сүру дағдысын жақсы жағына өзгерту. Айта кету керек, 14 категорияны мемлекет өз қамқорлығына алып, жарнапұлды үкімет тарапынан өтеуді жолға қойып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған аналар, аяғы ауыр әйелдер мен 3 жасқа дейінгі баласы бар нәзікжандар, жұмыссыз азаматтар, студенттер және оқуды аяқтаған соң 3 ай мерзімде, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен теңестірілген азаматтар және зейнеткерлер бар, – деді Абылайхан Мейірманұлы.

Сонымен бірге, жиында жұмыссыз азаматтардың немесе маусымдық жұмыста жүргендердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қалай төлейтіндері түсіндірілді. Яғни, бұл жүйенің қатысушысы болған әр адам тиісті жарнапұлды өтеуге міндетті. Жұмысшы маусымдық жұмыспен қамтылған болса, алдын ала жұмыс беруші тараппен келісімшартқа отыруы тиіс. Кейбір жұмыс беруші тараппен жұмыскерлердің келісімшарты болмағандықтан, олар ешқандай категория қатарына кірмей отырғандығы айтылды. Абылайхан Рахимов осы секілді күрделі мәселелердің оң шешімін тауып, жүйені 2020 жылы толықтай іске қосу қолға алынып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, мемлекет жүйенің қатысушысы болмаған адамдарға да кейбір медициналық қызметтердің тегін көрсетіле беретініне жағдай жасауда. Ол қызметтердің ішіне жедел жәрдем, бастапқы медициналық көмек, шұғыл әрі жеңіл операциялар мен әлеуметтік маңызы бар аурулар.

Сонымен қатар, жиында аудандық ха­лыққа қызмет көрсету орталығының қыз­меткері Абдол-Рашид Орқашбаев баяндама жасап, электронды үкі­мет порталының қызметіне тоқталды. Оның айтуынша, біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып, қарым-қатынас жасайтын жылдам әрі ақпараттық дәуірге әлдеқашан аяқ бастық. Заманмен бірге қоғам, қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгеріске ұшырайды. Өйткені, олардың негізгі міндеті – халықтың талаптарын қанағаттандыру, тиімді әрі сапалы қызмет көрсету. Жалпы, электрондық үкімет іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Нақтырақ айтсақ, электронды үкімет дегеніміз – мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі. Оның көмегімен сіз жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын, баланың ­туылуын тіркеу, теміржол немесе әуебилеттерін брондау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу, өтініш беру және лицензия алу, бюджеттік төлемдерді төлеу, мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу, электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеу және тағы басқа да қызметтерді жылдам алуға, басқа сұрақтар бойынша жауап алуға толық мүмкіндік аласыз деген орталық маманы қазіргі таңда үкімет цифрландыруға барынша басымдық беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер мен стандарттарды «электронды үкімет» порталына енгізгенін атап өтті.

Мұнан бөлек, семинарда аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Дастан­ Алтынбаев сөз алып, 2018 жылға әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім беру қызметіне ақы төлеу үшін облыс әкімінің гранты жөнінде мәлімет беріп өтті. Бөлінген гранттар саны - 200. Оның ішінде техникалық ғылымдар және технологиялар, білім саласына, қызмет көрсетуге, өнерге, әскери іс және қауіпсіздікке, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандықтарына бөлінді. Айта кетейік, әлеуметтік көмек оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерден және тамақтану мен тұру шығындарын ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден тұрады. Аталған көмек күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын ауыл, аудан, қала жастарына тағайындалады.

 

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру