Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік қызметтің бірқатар лауазым санаттарына талап етілетін жұмыс өтілдері жеңілдетілді. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрыққа өзгерістер енгізілді.
31.01.2019 18:47:48 | 123 рет қаралды


Өзгерістерге сәйкес, «С-О-5», «D-O-4» санаттарындағы бас мамандар лауазымдарына ешқандай жұмыс тәжірибесі талап етілмейтін болды. Осы кезеңге дейінгі қолданыста болған талап бойынша «С-О-5», «D-O-4» санаттарына орналасу үшін аталған санаттардан төменгі санаттарда бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі талап етіліп келген болатын.

Ал, «D-O-5» санатына жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейтін болды. Бұрын аталған санаттан төменгі санаттарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі керек етілетін.

Сонымен қатар, «С-О-4», «C-R-3», «D-4», «D-O-3», «Е-3» және «Е-R-3» санаттарына да талап етілетін жұмыс тәжірибелері де жеңілдетілді. Жаңа талап бойынша мемлекеттік қызмет өтілі «С-О-4» пен «D-О-3» санаттарына екі жылдан кем емес, ал, «C-R-3», «D-4», «Е-3» және «E-R-3» санаттарына бір жылдан кем емес болуы қажет. Биылға дейін осы санаттарға орналасу үшін төменгі санаттарда бір жарым жыл немесе екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі қажет еді.

Тағы бір енгізілген өзгеріс, бұрынғы талап бойынша «нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі» мен «ғылыми дәрежесінің болуы» деген талаптар жалпы конкурсқа қатысушылар үшін ғана көрсетілген болса, енді барлық ішкі конкурстар барысында да ескерілетін болды.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz/

Кіру