Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МИНИСТР МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 48 ЖАСЫНДА ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

МИНИСТР МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 48 ЖАСЫНДА ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Шәмшидинованың айтуынша, «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасына көптеген ескерту жасалып, құжат қайта қаралған. «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасы тамыз айына қарай мәжілістің қарауына енгізіледі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
15.04.2019 18:22:28 | 74 рет қаралды


Министрдің айтуынша, «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасы көптеген ескерту жасалғаннан кейін қайта қаралған. 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылған заң жобасы тамызға қарай мәжіліске түседі.

Шәмшидинова мұғалімдер азаматтық қызметкерлер санатына жататынын, сондықтан зейнет жасына байланысты мәселе барлық органмен бірлесіп қаралатынын атап өтті.

«Қазір біз зейнетақы мәселесін басқаша тұрғыдан көтеріп жатырмыз. Егер адам педагогикалық жоғары оқу орнын тәмамдап, бірден мектепке жұмысқа орналасып, үздіксіз еңбек етсе, зейнетке шыққан кезде, оның оқу орнында оқыған жылдары жалпы еңбек өтіліне қосылады», – деді Шәмшидинова.

Бұған дейін вице-министр Эльмира Суханбердиева, отыз жыл еңбек өтілі бар ұстаздардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі туралы айтып еді.

Яғни жоғары оқу орындарында оқыған жылдар (4-5 жыл) еңбек өтілі болып саналатындықтан, мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті. Мұны қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұсынған.

Мәселен, 17 жасында жоғары оқу орнына түссеңіз, 21 жасында университетті тәмамдайсыз. Осыдан кейін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесеңіз, 48 жасында зейнетке шығуға құқыңыз бар.

Айта кетсек, «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген болатын.

Осы жылдың басында Астанада өткен қоғамдық тыңдау барысында министрлік заң жобасы ақпан айында депутаттар қарауына енгізіліп, маусымда президент қол қояды деп жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Ақпарат көзі: https://syrboyi.kz

Кіру