Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ АРТҚАН КҮН.

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ АРТҚАН КҮН.

Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, білім саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
08.10.2019 17:24:03 | 47 рет қаралды

– Ұстаздық – қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандықтардың бірі. Өйткені, адами қасиеттерді бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүректерінде білімге деген құштарлықты және Отанына деген сүйіспеншілікті оятады. Ауданның білім беру жүйесін дамытуға, еліміздің болашағы – білімді ұрпақты тәрбиелеуде және болашақ жалпы еңбек қоғамын құруға қосқан лайықты үлестеріңізді атай отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Оқушыларыңызға берген білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз қашанда алдарыңыздан сәттілік пен алғыс ретінде шыға берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілеймін, – деді аудан басшысы.

  Мереке аясында бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Құрмет” грамоталарымен, облыс әкімінің және аудан басшысының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі ұжымына «Үздік білім беру ұйымы», №201 мектеп-лицейіне “Үздік жаңашыл мектеп”, №114 орта мектепке “Табысты мектеп”, аудандық өнер мектебіне «Жеңістің биік тұғыры», №7 “Шұғыла” бөбекжай-бақшасына «Үздік мектепке дейінгі білім беру ұйымы» номинациясы табысталды.

  Жалпы, білім саласы жыл сайын жаңғырып, дамып келеді. Жаһанданып бара жатқан мынау төрткүл дүниеде білімдінің ғана аты оза шабатыны белгілі. Бұл ретте ауданда да білімді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын, соның нәтижесінде мектеп түлектерінің ҰБТ қорытындысы бойынша жыл сайын жоғары балл жинап жатқанын айта кеткен жөн.

  Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарла­маға ұласты. Балабақша өнерпаздарынан бастап, полиция қызметкерлеріне дейін ұлағатты ұстаздарға құрметін ән-шашумен жеткізді.

Ақпарат көзі: -

Кіру