Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбары­мыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбары­мыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі

Бүгін Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбары­мыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті.
26.11.2019 23:14:57 | 23 рет қаралды

Бірнеше ғасырлардан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты — Мұхаммед (с.ғ.с.) Пай­ғамбарымыздың іс-әрекеттерін насихат­тау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отан­сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгерші­лік­ке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады. Діни іс-шарада Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов,  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Сырдария Ақмешіт» мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. 

Мерекелік шара аясында Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы мен ұлылығын насихаттайтын театрланған көрініс қойылып, қасиетті Құран аяттары оқылды, жастарға арналған уағыздар айтылып, әншілердің орындауында діни әндер шырқалды.








Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру