Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар Насихат жүгіру жарысы өтті

Насихат жүгіру жарысы өтті

26-маусым- Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен өткізілген Шәменов ауылы – Жалағаш кенті арасында насихат жүгіру жарысы өтті.
07.07.2018 21:55:32 | 165 рет қаралды

Жарыс 2018 жылдың 29 маусым күні Шәменов – Жалағаш автотрассасында өткізілді. Жарыс Шәменов ауылы орталығынан бастау алып Жалағаш кентінің орталық стадионында аяақталды.

Сайыс үш жас ерекшелік бойынша ересектер 16 км ге жүгірсе 18 жасқа дейінгі ұл, қыздар 7 км жүгірді. Жарысқа ауыл округтерден және кент орталығынан барлығы 22 спортшы бақтарын сынады. Жарыс барысында жол қауіпсіздігін сақтау және спортшылардың жарақат алып қалмауының алдын алу мақсатында аудандық ІІБ-мен аудандық аурухана қызметкерлері атсалысты.

Жарыс қортындысы бойынша ересектер арасында 16 км жүгіруде жүлделі І орында Мақпалкөл ауылдық округінің спортшысы Бітегенов Азаматқа тиесілі болса ІІ орын Орынбек Бауыржанға Жалағаш кенті, жүлделі ІІІ орынды Орынтаев Нұрбек иемденді.

18 жасқа дейінгі ұл қыздар арасындағы 7 км жүгіруде ұлдар арасында І орынды Ыбырай Жанарыс ІІ орынды Бегман Бағлан, ІІІ орынды Бұқарбай Мақсатқа бұйырды. Қыздар арасында І орынды Сәрсенбай Балнұр Еңбек ауылы, ІІ орынды Шайхы Майра Аққыр ауылы, ІІІ орынға Айдарқызы Балерке ие болды. Жарыс соңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Ержанов және осы жарыстың бас төрешісі М.Қарақұлов сөз сөйлеп жеңімпаздарды марапаттады.










Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру