Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес

НАУРЫЗ-2019

АУДАН ӘКІМІНІҢ наурыз мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ
22.03.2019 23:36:32 | 63 рет қаралды

Құрметті аудан тұрғындары!
 

Баршаңызды жандарыңызға жақсылық пен жарқын үміт ұялатқан ізгілік пен ынтымақтың белгісі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы жалпыхалықтық мерекеге айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуде, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюында, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруында бұл мейрамның орны ерекше. Сондықтан, ЕлбасыН. Ә.Назарбаев «Наурыз – Қазақстан халқын біріктіретін ортақ мерекеге айналды», – деп оның мән-маңызын атап көрсетті.

Наурыз мейрамымен бірге келетін жаңа жылымызда осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріміз одан әрі жалғасын тауып, мақсат-мұраттарымыз орындалғанын қалаймыз. Бұл жылы да әрбір тұрғынның, әр отбасының әл-ауқатының артуы біз үшін басты міндет болып қала береді. Осы жолда баршамыз болып ауызбіршілік пен ынтымақты ту етіп, ортақ игілік жолында еселі еңбек ете білсек, асатын асуымыз биік болмақ.

Қадірлі ағайын!

Жаңару мен жарасымды ынтымақтың, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен молшылықтың арқауы болған әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Ұлыстың Ұлы мерекесі кең байтақ жерімізге, егемен елімізге ырыс пен береке сыйласын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

 

Ізгі ниетпен, аудан әкімі

Қайратбек Сәрсенбаев


Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру