Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ ТАҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КҮРІШ АҚТАУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КҮРІШ АҚТАУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жалағаш ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандардың ашылуына қатысты.
15.11.2018 11:01:27 | 313 рет қаралды


Ең алдымен облыс әкімі Таң ауылдық округіндегі «Таң LTD» ЖШС-нің күріш ақтау цехының ашылуына қатысты. Жоба құны 150 млн теңгені құрайтын цехта тәулігіне 100 тонна күріш салысын ақтайды. Сондай-ақ, жоба жүзеге асқан уақыттан бастап 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл тұрғындарына арзандатылған бағада мал азықтары босатылады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға нарықтық бағадан төмен бағамен ақталған күріш сатылатын болады. Күріш ақтау цехының жалпы аумағы 0,3000 шаршы метрді құрайды.

 

Күріш ақтау цехының ашылуында сөз алған аймақ басшысы:

-     Сыр елінің, оның ішінде осы Таң ауылдық округіндегі дихан қауым үшін көптен күткен игі істің куәсі болғалы тұрмыз. Ол ауыл орталығынан бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілгелі тұрған «Дихан ата» күріш өңдеу зауыты. Шаруашылық диқандары осы күнге дейін күрішті сыртқа апарып өңдеген болса, биылғы жылдан бастап аталмыш күріш өңдеу зауыты «Таң LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен жаңа технологиялармен жабдықталып, халық игілігіне пайдалануға берілгелі отыр, - дей келе ауыл тұрғындарын ел игілігі үшн пайдалануға берілгелі отырған нысанның ашылуымен құттықтады.




Ашылу салтанатында сонымен қатар Таң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбай Айғараев сөз алып, ауыл жұртшылығының алғаусыз алғысын жеткізді.

Ашылу салтанатынан соң, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Имамзада Шағыртаев облыс әкімін және қонақтарды  цех жұмысымен және күріш ақтау қондырғыларымен таныстырып, алғашқы өңделген өнімді назарға ұсынды.


 


Анықтама: Жалағаш ауданына соңғы 5 жыл ішінде 30,0 млрд. теңгеден  астам инвестиция  тартылды (2018  жылдың 9 айы – 4,3 млрд.теңге). Оның  ішінде, аудан  көлеміндегі  ұзындығы 98 шақырымды құрайтын күре жол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі пайдалануға беріліп, «АгроХолдингБайконур» ЖШС-нің күріш ақтайтын зауыты қайта жаңғыртудан өткізілді.

Әлеуметтік салада 1 мектеп, 9 балабақша, 3 дәрігерлік  амбулатория, 1 аудандық емхана, 2 ауылдық клуб, 1 спорттық кешен ғимараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға  берілді.







Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру