Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЛҒАШҚЫ ЕГІНГЕ ОРАҚ САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АЛҒАШҚЫ ЕГІНГЕ ОРАҚ САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

"Дала күні" дәстүрлі семинар-кеңесі аясында сырбойылық шаруалар "Таң ЛТД" ЖШС-ның жұмысымен танысып, агросекторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.
26.08.2019 17:42:19 | 40 рет қаралды

"Дала күні" дәстүрлі семинар-кеңесі аясында сырбойылық шаруалар "Таң ЛТД" ЖШС-ның жұмысымен танысып, агросекторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Күріш егісіне алғашқы орақ салу рәсімі өткізіліп, семинар-кеңесте «Таң ЛТД» ЖШС-ның егіс алқабында күріш өндірісін жүргізуде жаңа технологияларды пайдалану, агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іске асыру және отандық күріш сорттарын өндіріске енгізу, әртараптандыру бағытында күріш ауыспалы егістігінде соя дақылын өсіру мәселелері қарастырылды.

Шараға аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, облыстық басқармалар мен тиісті салалық мекемелер, қоғамдық ұйымдар, шаруашылық басшылары қатысты.

Егін орағына дайындық барысы және әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының және жауапты мекемелер мен ұйымдардың басшылары, аудан әкімдері баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таң ЛТД» серіктестігі өткен жылы 2679 гектардан 68 центнерден өнім алып, жалпы өнім 182172 центнерді құраған. Сондай-ақ, былтырғы жылы серіктестік құны 150 млн теңгені құрайтын, тәулігіне 100 тонна қара күріш ақтайтын зауытты іске қосты.

Биыл ауданда 36 675 га ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде негізгі дақыл күріш 21800 га, жаздық бидай 306 га, арпа 50 га мақсары 2210 га, жаңа жоңышқа 3530 га, ескі жоңышқа 6079 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га, бақша дақылдары 1200 гектарға орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 285 га артты, оның ішінде күріш көлемі 582 га қысқартылып, ескі жоңышқа 1623 га, көкөніс 310 га, бақша 200 га, мақсары 10 га көбейтілді.

Аудан бойынша 2019 жылдың егісі үшін 5 500 тонна күріш тұқымы дайындалды. Егілген 21800 гектар күріш дақылының 19 063 га лидер, 2411 га янтарь, 296 га фаворит, 30 га маржан сорттары болса, олардың қазіргі жағдайы 18 530 га (85,0%) жақсы, 2 943 га (13,5%) орташа, 327 га (1,5 %)

қанағаттанарлық деңгейде. Бүгінгі күнге күріштің 38% толық пісу, 62% балауыз пісу кезеңінде. Жасалған кестеге сәйкес ауданда күріш алқаптарындағы су байлау жұмыстары толық аяқталып, күріш атыздарынан су шығару жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымызда 146 шаруашылықтар егін шаруашылығымен айналысады. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер-12, шаруа қожалықтары-134. Егінді орналастыру, күтіп баптау және жинау барысында барлығы 1498 адам жұмыспен қамтылды.

Күзгі егін жинау жұмыстарына 402 трактор, 240 комбайн, 103 жатка, 100 жүк көлігі және 155 трактор тіркемелері қатысады. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы техникаларының 100 % жөндеуден өткізілген.

2011 жылдан бастап «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңі (ИДЖЖЖ-2) қолға алынуда.

Бұл жоба республика бойынша 4 облысты, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, оның ішінде Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтерінде орналасқан инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлерді қамтиды.

Жобаға «Сол тармақ» магистралды каналы бойындағы Таң, Аққұм, Бұқарбай батыр және Мәдениет ауылдық округтерінде орналасқан жалпы көлемі 15123 гектарды құрайтын инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерлер енгізілді.

Жобаның жалпы құны 12 млрд 500 млн теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: -

Кіру