Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының бірінші кезеңі өтті.
24.09.2018 18:55:11 | 138 рет қаралды

 

Әділ-қазылар алқасының құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, партия филиалының сая­си кеңесі бюросының мүшесі К.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі М.Жаманов, «Жас Отан» жас­тар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы Н.Серәлі, партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі А.Кенжебаев болды.

Жиында филиал төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы аталған байқау биыл үшінші рет өтіп отырғанын және мұнда 15 бастауыш ұйым партиялық жобалар аясында іске асырған жұмыстары бойынша есеп беретінін жеткізді. Елбасы Жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы» төңірегінде жасалған жұмыстар сараланды.

Байқау нәтижесінде І санат бойынша «Қазақстан-2030» бастауыш партия ұйымы І орынды иеленсе, ІІ орынды Аққыр ауылдық округі бастауыш партия ұйымы, ІІІ орынды Қаракеткен ауылының бастауыш партия ұйымы алды. ІІ санат­ бойынша Бұқарбай батыр ауылдық округі бас­тауыш партия ұйымы үздік деп танылса, ІІ орынды Аққыр ауылы бастауыш партия ұйымы, ал ІІІ орынды Қаракеткен ауылы бастауыш партия ұйымы иеленді. ІІІ санат бойынша өткен жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізген «Дарын» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға арнайы диплом табыс етілді.

 

Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру