Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ОҚУШЫЛАР ҮЙІНДЕ БАЛАЛАР ТЕХНОПАРКІ АШЫЛДЫ

ОҚУШЫЛАР ҮЙІНДЕ БАЛАЛАР ТЕХНОПАРКІ АШЫЛДЫ

Бүгін Жалағаш ауданындағы Оқушылар үйінде балалар технопаркі ашылды. «3D модельдеу», «Цифрлық білім беру бағдарламалары», «Робототехника» үйірмесінде қазіргі заман талабына сай жабдықталған құрылғылармен, балалар игілігіне пайдалануға берілді.
30.11.2018 16:35:45 | 154 рет қаралды


Оқушылар үйінде 14 үйірме жұмыс жасайды. Оның 3-і техникалық бағытта жұмыс жасауда.

Оқушылар үйіндегі балалар технопаркінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, жаңа заман талабына сай жабдықталып, балалар игілігіне ашылған үйірмелердің жұмысына сәттілік тіледі.








-    Балалар технопаркі – оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулуға бағытталған қосымша білім берудің жаңа бір форматы. Ауданда тұңғыш ашылып отырған технопарк жалағаштық оқушылардың техникалық қабілеттерін дамытуға жаңа бір серпін береріне сенімдіміз, - деді Жағыпар Айтбайұлы.






Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Оқушылар үйіндегі бірқатар үйірме жұмыстарымен танысты.




Айта кетейік, технопарк робототехника кабинетімен, 3Д принтерлермен және тағы да басқа қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына және жабдықтауға аудандық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді.



 

Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру