Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар "ОТБАСЫ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

"ОТБАСЫ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Отбасы-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі» тақырыбында отбасы қүндылықтары мен гендерлік мәселелерге арналған тренинг өтті.
19.08.2019 11:10:26 | 89 рет қаралды

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Отбасы-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі» тақырыбында отбасы қүндылықтары мен гендерлік мәселелерге арналған тренинг өтті.   

Тренингке көп балалы әйелдер, аналар кеңесінің мүшелері және түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтар қатысты. Тренинг барысында облыстық әйелдер, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымы, "Сыр Аналары" ҚҚ құрылтайшысы, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мусаева  ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда отбасының алатын рөлі зор екенін айта отырып, ардагер аналарды, үлгілі отбасыларды, түрлі салада жетістікке жеткен әйел азаматтарды марапаттады. 

- Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін,салт-дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды,даналық сөздерді, тыйым сөздерді,тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады, - деді Нұрсәуле Дүйсембайқызы.

Тренингке қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі: -

Кіру