Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ

ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ

-28 мамыр Жалағаш ауданында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы және ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған "Парасатты поэзия" халықаралық жыр фестивалі өтті.
28.05.2019 22:38:46 | 53 рет қаралды

-28 мамыр Жалағаш ауданында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы және ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған "Парасатты поэзия" халықаралық жыр фестивалі өтті.

Поэзия кешіне еліміздің республикаға танымал ақындары, атап айтқанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бірнеше жыр жинақтардың авторы Арман Қани, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Бас жүлде иегерлері, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаттары Қалқаман Сарин, Ерлан Жүніс, мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері Назгүл Бердіқожа, облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері Ақжол Түменбай, жергілікті ақындар Айкүміс Орынбаева, Жасұлан Серік қатысты.

Салтантты шара барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев

- Ата-бабаларымыз қадым заманнан бері қызыл тілдің қасиетін білген, естігенін көкірегіне түйген, қазыналы сөзді көмейінде балқытып, кейінгіге өнеге етіп қалдырған.

Бүгін, міне, халқымыздың бай мәдени мұрасын сандығында сақтап, ұрпағына ұлықтаған Сыр өңірінің Жалағаш жері сөз өнерін өмірім деп білген айтулы ақындардың басын қосып отыр. Тарихы тереңге тамыр тартқан киелі мекен Жалағаш топырағына келген қадамдарыңыз сәтті болсын,- деді өз сөзінде.

Поэзия кешінде мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Алмагүл Оңғарсынова сөз алып, Жалағаш жұртшылығына, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кету керек, поэзия кешін ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізіп, аудандық кітапханаға қазақ ақындарының қырғыз тіліне аударылған «Улуу талаа үнү» («Ұлы дала үні») атты кітап пен Жарасхан Әбдірашұлының кітаптарын сыйға тартты. Шығармашылық топтың жұмыстарына сәттілік тілеген аудан басшысы қонақтарға Жалағаш ауданының кәдесыйын тарту етті.

Ақпарат көзі: -

Кіру