Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Қаракеткен, Шаменов, Бұқарбай батыр округтерінде әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп берулері өтті

Қаракеткен, Шаменов, Бұқарбай батыр округтерінде әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп берулері өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру науқаны өтуде.
15.01.2019 17:09:23 | 245 рет қаралды

14-18 қаңтар аралығында Жалағаш ауданында кент, ауылдық округ әкімдері, сонымен бірге аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларының және аудан әкімінің халық алдындағы жоспарланған есебіне сәйкес 14 қаңтар күні Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде кездесулер өтті.

Кездесулерді аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады, жүргізіп отырды. Аталмыш шараға Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов және бірқатар аудандық мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Қаракеткен ауылындағы есеп беру кездесуінде ауылдық округі әкімі Қайрат Өлментайдың, учаскелік полиция инспекторының міндетін Мұрат Бекмырзаевтың есептері тыңдалды.

- 2018 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы Далдабай елді мекенінің орталық көшесіне 400 метр тас төселіп, күрделі ағымдағы жөндеуден өтті. Ауылдық округ ауыз сумен қамтылған. "Далдабай" елді мекеніне ауызсу жүргізудің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім тапсырылды, - деді ауыл әкімі есебінде.

М.Шәменов ауылындағы есеп беруде ауыл әкімі Ғ.Есжановтың және учаскелік полиция инспекторының есептері тыңдалды.

Ауылда жыл басында аз қамтамасыз етілген отбасы оқушыларына «Қайырымдылық» акциясы ұйымдастырылып, «Мега-Агро» ЖШС «Мектепке  жол»  акциясына 150 000 теңге көлемінде қаржы бөліп, әл-ауқаты аз қамтамасыз етілген отбасының 20 баласына спорттық киім мен оқу құралдарын алып берді. Шараға ауылдық мекемелер де өз үлесін қосып, аталған санаттағы балаларға демеушілік көрсетілген, - деді Ғ.Есжанов есебінде.

Сонымен қатар, «Мега-Агро» ЖШС жазғы демалыс уақытындағы балалардың облыс, республика көлеміндегі лагерлерге демалып-тынығуына 207 мың теңге (11 балаға) көмек көрсетіп, мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан 80 оқушыға мектеп жанынан құрылған «Самал» тынығу лагеріне екі ауысымға демалуына, ыстық тамағына 200 000 теңге, мектеп құралдарына 43000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілгендігі айтылды.  

Жиылған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.








Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру