Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

Саналы ғұмырларында тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан ардагерлеріміздің төл мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік салтанат бүгін аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде өтті.
03.10.2018 16:05:47 | 201 рет қаралды



Салтанатты жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, барша Жалағаш ауданының қазыналы қарттарын төл мерекелерімен құттықтады:



-    Ауданымызда қазіргі таңда 3743 ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналарымыз бар. Бұл біздің ауданымыздағы үлкен мәдени-рухани әлеуетіміз,-деді ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосқан бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің Құрмет грамотасын, құттықтауын табыстады.



Келесі құттықтау сөзді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев алып, қазыналы қарияларымызға облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарын,  Алғыс хаттарын табыстады.



Жиын соңы қарттар күні мерекесіне орай өткізілген аудандық ардагерлердің ән байқауында өзіндік өнерімен ерекше көзге түсіп, оза шапқан үздіктердің, ардақты ардагер ата-әжелеріміздің концерттік бағдарламасына ұласты.





Шежіре шиырын жанына сақтап, көненің келбетін көрген ардақты ардагерлеріміз, ақсақал аталарымыз бен әз-әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салса, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы музыкалық сәлемдеме жолдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.






Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру