Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚОҒАМ ДЕРТІ ЖҰМЫЛҒАНДА ЖЕҢІЛЕДІ

ҚОҒАМ ДЕРТІ ЖҰМЫЛҒАНДА ЖЕҢІЛЕДІ

Сыбайлас жемқорлық атауы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы сыбайластыққа тосқауыл қою үшін мемлекеттік қызметкерлердің де жауапкершілігін арттырды. Заң мен талап күшейтілді.
08.10.2018 23:07:56 | 149 рет қаралды



Сыбайластыққа қарсы шаралар ұйымдастырып, оның алдын алу мәселесіне жергілікті жерлерде де ден қойылған. Аудан әкімдігінің қаулысы бойынша “Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ” пен “Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі бірқатар мекемеде кездесу өткізді.

Аудандық ішкі істер бөлімінен бастау алған шара “Каз пошта” бастауыш партия ұжымында, аудандық ветеринария бөлімінде және Бұқарбай батыр ауылындағы №13 “Балдырған” балабақшасы мен №33 орта мектепте өтті.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, арнайы әзір­лен­ген бейнеролик көрсетіліп, қоғам дерті көп болып жұмылғанда жеңілетіні айтылды.


Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру