Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚҰЖАТТАР ЦИФРЛЫ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛУДЕ

ҚҰЖАТТАР ЦИФРЛЫ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛУДЕ

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудан¬дық архивтің ұйымдастыруымен "Тұрақты және жеке құрам бойынша істерді қалыптастыру, рәсімдеу және мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға өткізу" атты семинар өтті.
21.11.2018 16:51:26 | 98 рет қаралды


Басқосуға аудан архивінің басшысы Ж.Ибраев, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас­шысы Г.Жарылқасынова, сондай-ақ мекеме, бөлім қыз­меткерлері қатысты. Шараны ашқан архив басшысы са­ла­­ға енгізілген тың жобалармен таныстырып, электронды цифрлық форматтың тиімділігіне тоқталды.

Айта кетейік, аудан тарихы сақталған мекеме қазіргі таңда соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, соның нәтижесінде құжаттарды цифрландыруға мүмкіндік туды. Мұнда қазір 27 мыңға жуық құжат сақталған.

– Қазір архивте ең ескі құжат ретінде 1935 жылы тіркелген поселке кеңесінің тұрақты құжаттарын айтуға болады. Жыл сайын жоспарға сәйкес тиісті құжаттар Ұлттық архив қорына қабылданады. Көне құжаттарды қайта тігіп, сапалы сақтауын қамтамасыз ету де басты назарда. Архив мекемесі соңғы үлгідегі компьютерлермен және жоғары жылдамдықтағы сканер техникаларымен жабдықталды. Осының көмегімен қазір құжаттар цифрлық форматқа көшірілуде, – деді Ж.Ибраев.

Мұнан соң аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қам­тамасыз ету бөлімі басшысы Г.Жарылқасынова мен аудан архивінің қойма меңгерушісі Р.Усерованың баяндамасы тыңдалды. Олар архивке құжатты қалай өткізу керектігін түсіндіріп, құжаттың маңыздылығына қарай топ-топқа бөлу тәртібін көрсетті.

Жалпы, мекемеде архивке түскен құжатты сапалы­ жинақтау басты назарға алынған. Себебі, оны кейін іздестірген уақытта адамдар тез тауып алуы қажет. Осылай деген баяндамашылар әр мекемеден келген мамандарға құжатты жинақтау, нөмірлеу және тіркеу ерекшеліктерін де атап өтті.

Семинар соңында архив қызметкерлері қатысу­шы­лар­дың ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына жауап берді.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру