Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ҚҰРМЕТТІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖӘНЕ АУДАН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖӘНЕ АУДАН ҚОНАҚТАРЫ!

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов – 120 жыл.
17.10.2018 10:07:35 | 301 рет қаралды



17 қазан күні сағат 9.30-да Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдығына арналған «Асыл-өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізіледі.
Қолына қалам ұстап, сөз өнерін серік еткен, облысымыздың түкпір-түкпірінен талаптың тұлпарын мінген жүйріктерге қолдау көрсетуге шақырамыз!

 

 

Жалағаш ауданында өткізілетін «Алтын дән-2018», мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына арналған мерекелік шаралардың

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

17 қазан

(сәрсенбі)

 

09.30-13.00

-

9-10 сынып оқушылары арасында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған «Жүргенов оқулары» облыстық байқауы

(Жалағаш кенті, мәдениет және өнерді дамыту орталығы)

 

11.00-12-30

-

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Айтматов академиясының академигі Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклінің қойылымы

  (Жалағаш кенті, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет 

  үйі)

 

 

15.00-15.30

-

Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Қабыловтың кеуде мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі

 (Жалағаш кенті, «Дәуімбай» елді мекені)

 

16.00-17.30

-

Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Қабыловтың 115 жылдығына арналған ғылыми-тәжирибелік конференция

(Жалағаш кенті, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі)

 

 

18 қазан

(бейсенбі)

 

9.00

-

Қазақ күресінен түйе палуандар сайысының ашылуы

    (Жалағаш кенті, орталық стадион)

 

10.30-11-00

-

Жалағаш кентіндегі «Тағзым» аллеясының, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың кеуде мүсіндерінің, Қарақұм көтерілісіне, Ауған соғысына, Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштердің салтанатты ашылу рәсімі 

(Жалағаш кенті, «Тағзым алаңы»)

 

11.00-12.30

-

«Алтын дән - 2018» салтанатты шарасына қатысу

 (Мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына арналған шараларға қатысу,  «Алтын дән - 2018» ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттарын марапаттау

(Жалағаш кенті, орталық стадион)

 

14.00-19.00

-

Мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларына арналған республикалық ақындар айтысы

(Жалағаш кенті, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі)

 

20.00

-

Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концерт. Мерекелік отшашу

(Жалағаш кенті, орталық алаң)

 

 



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру