Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ!

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ!

Құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандар мен сала ардагерлерімен кездесу өткізілді.
13.08.2018 10:39:28 | 196 рет қаралды

Құрылысшылар күні мерекесіне орай бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Тажмаханов Жағыпар сала ардагерлерін және құрылыс саласында еңбек ететін бірқатар сала мамандарын қабылдап, атаулы мерекемен құттықтады.

 

Құрылысшылар қауымының қай қоғамда да алатын орны, атқаратын қызметінің ерекше екендігіне тоқталған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жағыпар Айтбайұлы:

-          Жыл сайынғы атап өтілетін дәстүрлі мереке – Құрылысшылар күнін аудан құрылысшылары да толағай табыстармен қарсы алып отыр. Ауданымыздың экономикалық жағдайы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуда соңғы жылдары көптеген елеулі істер атқарылуда.




Биылғы жылы Жалағаш кентінде аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты, Мырзабай ахун ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимараты, тіректі елді мекен болып саналатын Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб, спорт кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудандық «Иманқұл» мешітіне жаңа ғимарат пен асхана құрылысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бұрынға автобаза мекемесінің ғимараты спорт кешені ретінде қайта жаңғыртылуда - дей келе, салада еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді құрылысшылар күнімен құттықтады.

Кездесуде «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы»  Шәріп Қабылбаев, сала ардагерлері  Базарбай Наурызбаев, Болатбек Жәнібеков, Бағдат Құлтанұлы сөз алып, ізгі лебіздерін, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында бірқатар сала ардагерлері және құрылыс саласында еңбек ететін қызметкерлерге аудан әкімінің құттықтауын, алғыс хаты табысталып, құрмет-қошеметке бөленді.



 

             Қосымша мәлімет: 2009-2017 жылдар аралығында «Таза су», «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 10 елді мекенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін білесіздер. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін М.Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда Мақпалкөл, Аққыр, Жаңадария ауылдық окургтеріндегі ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп отыр.



Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру