Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ Қ.КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚР ҮКІМЕТІНДЕГІ БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ Қ.КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚР ҮКІМЕТІНДЕГІ БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

23.10.2017 14:46:36 | 410 рет қаралды

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру Қызылорда облысы дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсіміне қол жеткізуге жол ашты — Қ. Көшербаев

Астана қ., 18 қазан 2017 ж. 15:30

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің дамуы және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясындағы тапсырмаларын орындау туралы баяндама жасады

Қырымбек Көшербаев өңірдің экономикасын дамытуға индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы үлкен серпін бергенін атап өтті, оның арқасында облыста 20 жоба іске асырылды, олардың 16-сы толық өндірістік қуаттылығына шықты. Оған қоса, ИИДМБ кәсіпорындары экспорттайтын өнімдер көлемі соңғы жылда 23%, ал импорттаушы елдер саны — 8-ден 11-ге дейін өсті.

Келесі жылы өңірде шыны зауыты, цемент өндіретін кәсіпорын және басқалары сияқты ірі индустриялық жобалар өз жұмысын бастайды. Yıldızlar SSS Holding түрік компаниялар тобы Қызылорда облысында жыл соңында құрылыстың басталатыны туралы шешім қабылдады: керамикалық плиталар мен керамогранит шығаратын зауыт және газ поршенді электр станциясы. Керамикалық плиталар шығаратын зауыт Қазақстандағы осы өнімді өндіретін ең ірі кәсіпорын болмақ, ал 2018 жылы электр станциясын пайдалануға беру электрмен қамтудың сенімділігін арттырады және өңірдегі өнеркәсіпті дамытуға септігін тигізеді.

Бұдан өзге, Қызылордада ферроқорытпа зауытын, сондай-ақ кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасуда, ол елдің қажеттілігінің 75% қамтамасыз етеді. Осылайша, бүгін облыстың үш ауданында: Арал, Жаңақорған және Шиелі аудандарында химия және тау-кен металлургия кластерлерін дамытуға негіз қаланып жатыр.

Қырымбек Көшербаев қалған барлық көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қол жеткізілгенін атап өтті. Мысалға, 2013 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс өсімі 30% құрады. Оған қоса, ІӨӨ құрылымындағы өңдеу секторының үлесі соңғы төрт жылда үш есеге өсті, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны соңғы екі жылда 58% артты.

Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқталды. Осылайша, Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, өңірде табысты іске асырылып жатқан өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасының арқасында соңғы үш жылда жемшөп, майлы және дәнді дақылдар егістері 6 мыңнан астам гектарға ұлғайтылды. Өнеркәсіп негізінде картоп, көкөніс және бақша дақылдары өндірісін дамыту басталды. Оған қоса, жалпы күріш жинау сұрыптардың түсімділігін арттыру есебінен осы жылдары
20%-дан астамға артты. Ағымдағы жылы тарихта алғаш рет 500 мыңнан астам тонна күріш жиналды.

Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы тауарларын өткізу нарықтарын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр: Қытай, Түркия және Иранға күріш жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді, қаншама жылда алғаш рет бақша дақылдарының экспорты жаңартылды — биыл оның көлемі сегіз есе артты. Жалпы соңғы жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты өңірде 48% астамға, оның ішінде күріш экспорты — 53% артты. Облыста ет экспортын одан әрі арттыру үшін екі ет комбинатын салу бойынша жобалар іске асырылып жатыр: «Сыр маржаны» және «Шаған жер». Етті құс шаруашылығы да жанданып келеді — Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды, ол 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Құрылысқа қатысты, облыс әкімінің айтуынша, мұнда пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі бойынша өсімнің тұрақты үрдісі сақталады.

Ағымдағы жылғы тоғыз айда 467 мың м2 пайдалануға берілді. Соңғы жылдары инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) алаңдарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Үш жылдан аз уақытта облыстағы ЖТҚ арналған шамамен 20 600 жер телімі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. МЖӘ дамыту аясында кәсіптік-техникалық білім беру, денсаулық сақтау және көлік инфрақұрылымы саласындағы бірқатар жобаларға қатысты жұмыс жалғасуда (барлығы бүгінгі таңда 22 млрд теңгеден астам сомаға 29 жоба).

ЕҚҚДБ-мен бірге жолаушылар тасымалдары жүйесін, сондай-ақ облыс орталығын жылу, су, электрмен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда.

Ақпарат ҚР Үкіміетінің нтернет-ресурсынан алынған.

www.primeminister.kz

канал YouTube.


Ақпарат көзі: www.primeminister.kz

Кіру