Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 2018 ЖЫЛЫ 12 СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 2018 ЖЫЛЫ 12 СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ

Оның ішінде 7 облыстық бюджет қаражаты есебінен, қалған 5 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды. Бұл туралы облыс әкімінің есепті кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
13.02.2019 17:24:57 | 110 рет қаралды


2018 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 7 елдімекенде (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдары және Сексеуіл, Төретам кенттерінде) спорт кешендері салынды.

Оған қоса, «Мұз айдыны» спорт кешенінде ашық жүзу бассейні ашылды.

Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту басталды.

Айта кету керек, облыс спортшылары 2018 жылы Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 1343 медаль (441-алтын, 421-күміс, 481-қола) жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 131 медальға (47- алтын, 43-күміс, 41-қола) ие болды.

8 спортшы - «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 62 спортшы – «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 1 073 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер», 307 спортшы – «1-ші cпорттық разряд» нормативін орындады. Облыстың 470 спортшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына енді. «Қайсар» футбол командасы Қазақстан Республикасының Чемпионатының Премьер-Лигасында 5-орынды иеленді.

2019 жылы Қызылорда облысында алғаш рет ерлер арасында бокстан ҚР чемпионаты, сондай-ақ парадзюдо бойынша 10 мемлекет, оның қатарында АҚШ қатысатын халықаралық турнир өтеді.

Ақпарат көзі: http://kyzylorda-news.kz/

Кіру