Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2019 жылдың 12 наурызы күні "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нұриманов пен "Рухани қазына" бөлімінің маманы, танымал айтыскер ақын, жерлесіміз Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
16.03.2019 16:41:34 | 74 рет қаралды

Қазақ дәстүрінде демеушілік, қайырымдылық, қамқорлық жасау ежелден қалыптасқан.

2019 жылдың 12 наурызы күні "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нұриманов пен "Рухани қазына" бөлімінің маманы, танымал айтыскер ақын, жерлесіміз Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесуде "Атамекен" бөлімінің басшысы Бекарыс Нуриманов:
- Кез келген мемлекеттің дамуына серпін беретін күш - сол елдің кәсіпкер азаматтары. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлерді қолдау, олардың игі істерін елге жеткізу. Ендеше мемлекеттің тірегі мен мықты әскеріне айналған кәсіпкер азаматтардың ұлттың дамуына қосып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз,- дей келе, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ, кездесу барысында елдегі әлеуметтік мәселелер, оларды шешу тетіктері талқыланып, қоғамды позитивті бағытта дамыту жайлы рухани әңгімелер айтылды.















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру