Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар САПАЛЫ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

САПАЛЫ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Бүгінде аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолы бар. Аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 172,7 млн теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы осы жұмыстарды аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 81 878,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
05.07.2019 11:46:05 | 61 рет қаралды

Бүгінде аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолы бар.

Аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 172,7 млн теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы осы жұмыстарды аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 81 878,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл жолдың Еңбектің халқы үшін ғана тиімді болмағанын айта кеткен жөн. Себебі, үлкен жолдың оң қапталында орналасқан елді мекеннің арғы жағында Есет батыр мен Жаңадария ауылы орналасқан. Ал, қала мен ауыл және аудан мен ауыл арасын жалғайтын қос қоғамдық көлік тура осы жолдың үстімен өтеді. Бір сөзбен айтқанда, көне көшені қалыпқа келтіру жұмыстары үш бірдей елді мекеннің халқы үшін тиімді болып отыр.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 1,9 млн теңгеге «Самара-Шымкент-Мәдениет–Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Аталған жобаларды 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында өтінім берілді.

Аудандық маңыздағы Қаракеткен, Ақсу, Таң, Бұқарбай батыр ауылдарының кіреберіс автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін 11831,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды. Соның ішінде Таң, Қаракеткен ауылдарының кіребіріс автожолын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 3000,0 теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша жеңімпаз белгіленді.

Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор

” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны 281,6 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2019 жылға республикалық бюджеттен 138,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 14,3 млн теңге, барлығы 153,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жылу XXI» ЖШС-мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге уақытша айналма көпір құрылысын салу жұмыстары толық аяқталып, атқарылған жұмыстарға сәйкес маусым айына 60,0 млн теңге төленді.

Сондай-ақ, Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірінің жағдайына мамандармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда сарапшылар тарапынан техникалық жағдайына сараптама жүргізілуде.

Мәдениет ауылы бағытындағы Қорқытбай каналындағы көпірдің отырып қалған, тесілген орындары жолды күтіп-ұстау жұмыстары есебінен қалпына келтірілді.

Ақпарат көзі: -

Кіру