Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ: АУДИТОРИЯНЫ МЕҢГЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОРАТОРЛЫҚ ҚАБІЛЕТ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
23.07.2018 15:47:01 | 303 рет қаралды

Жалағаш ауданында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингте «Аудиторияны меңгерудегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит, «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымдастырылған профессор м.а., психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл, «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбында аталмыш университет доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Құлмырзаев Нұрлан хабарлама жасап, ораторлық шеберліктерінің, көпшілік алдында сөз сөйлеудің қыр-сырларымен бөлісті.

Талқылау,сұрақ-жауап түрінде өткізілген семинар-тренингте көпшілік алдындағы сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері, мәселелері мен шешу жолдары, қазіргі кездегі ақпараттық соғыстағы тың жаңалықтар айтылды.

Атламыш семинар-тренингке мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ақпараттық топ мүшелері, белсенді жастар қатысты.









Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру