Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ШАМЕНОВ АУЫЛЫҢДА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШАМЕНОВ АУЫЛЫҢДА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жалағаш ауданындағы М.Шәменов атындағы ауылдық округінің мектебінде ауылдық мекеме басшылары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс болып өтті.
15.03.2019 19:51:50 | 158 рет қаралды


Жалағаш ауданындағы М.Шәменов атындағы ауылдық округінің мектебінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі, төмен жалақыны көтеруге, бірыңғай жиынтық төлемге байланысты кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Еспенбетов, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, кірістер басқармасының бөлім басшысы Л.Әбдірешова, ауылдық мекеме басшылары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс болып өтті. 

 

"Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасыларға және "Күміс алқа", "Алтын алқа" төсбелгілерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады" - деді  аудандық жұмыспен қамту және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Мергенбайқызы. 

 

Жиналысқа қатысушылар тиісті бөлім басшыларына  сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. 

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру