Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА «СЕРПІНДІКТЕР» ҮШІН МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНГЕН

СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА «СЕРПІНДІКТЕР» ҮШІН МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНГЕН

Өскемен, BAQ.KZ. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бері Шығыс Қазақстандағы кәсіби техникалық білім беру ұйымдарында мыңнан астам грант орындары бөлінген. Бұл жөнінде ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмәділова хабарлады.
04.03.2019 12:55:08 | 64 рет қаралды


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанның техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде жұмысшы мамандарды даярлау 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Аталмыш жобаның басты мақсаты – еліміздің жұмыс күші басым өңірлерінен келген жастарды оқытып, жұмыспен қамту болып табылады. Білім беру мекемелері студенттерді кәсіби тәжірибемен қамтамасыз ету мақсатында 87 кәсіпорынмен келісім-шарт жасасқан, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

 

Жауапты тұлғаның айтуынша, бөлінген гранттар саны 2014-2015 оқу жылында – 285, 2015-2016 оқу жылында – 175, 2016-2017 оқу жылында – 250, 2017-2018 және биылғы оқу жылдарында қатарынан 210 орын қарастырылған. Студенттердің білім алуына және жатақханамен қамтамасыз етілуіне барлық жағдай жасалған.

 

«Оқу орындары студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, көпбалалы отбасыдан шыққан 191 студентке, 10 жетім, толық емес отбасының 42 студентіне көмек көрсетілді. Барлығы тұрмыстық жағдайы жасалып, интернетпен қамтамасыз етілген жатақхана бөлмелеріне орналастырылды. 156 студент спорт секцияларына, 136-сы қызығушылықтары бойынша үйірмелерге жазылды», - деп қосты Білім басқармасының басшысы.

 

Қоса кетсек, бүгінгі таңда облыстың 10 колледжінде аталған бағдарлама бойынша 506 студент оқып жатыр. Өткен оқу жылының соңында түлеп ұшқан 146 студенттің 37-сі Шығыс өңірінде, 58-і өзге облыстарда жұмысқа орналастырылса, 27-сі білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастырды. 24 түлек еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына шақырылды. Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне биыл да 210 орын бөлу қарастырылып отыр.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру