Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар СПОРТШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

СПОРТШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

2018 жылдың 16 тамызы күні аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев спортшылар күніне орай спорт саласының ардагерлерін, қызметкерлерін және бірқатар спортшыларды қабылдады.
20.08.2018 09:23:30 | 208 рет қаралды

 


Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.    
2018 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда 18 алтын, 21 күміс, 32 қола медаль жеңіп алды.
Олардың қатарында халықаралық турнирлердің, әлем біріншіліктерінің, Азия чемпионатының жүлдегерлері Жеңісбек Жақсыбек, Қанзада Арайлым, Тәттібай Дидар, Тынарбай Тілеген, Оразбай Арайлым, Әбілда Қызжібек, Айшыққан Рамазандардың есімдерін ерекше айтуға болады.
Кездесуде сөз алған өңір басшысы аудан спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.    Жалпы аудан бойынша 143 спорт нысандары жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылатын жобалар тізбесіне ауданнан 2 жоба енгізілді. Сондай-ақ, Мәдениет елді мекенінде спорттық кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. - деді өз сөзінде Қайратбек Әубәкірұлы.

Кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылып, Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне орай Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хатымен бірқатар сала мамандары марапатталды.




 

Қосымша мәлімет:

Ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылатын жобалар тізбесіне ауданнан 2 жоба енгізілді. Біріншісі - жеке кәсіпкер Ғ.Сейтмұратовтың Жалағаш кенті Дәуімбай учаскесіндегі «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешені және екіншісі - Таң елді мекеніндегі «ТаңЛТД» ЖШС-нің 2 спорт ғимараттары. Жобалардың құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ауданның 9767 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл жалпы тұрғындардың 27,1 пайызын құрайды. Үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында 70 спорттық іс-шара өткізілді. Бұл шараларға 10 144 аудан тұрғындары тартылды.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру