Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «Сылдырла, соңғы қонырау» атты салтанатты шарасы болып өтті

«Сылдырла, соңғы қонырау» атты салтанатты шарасы болып өтті

Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейде де «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шарамен өтті.
28.05.2018 10:10:59 | 259 рет қаралды

Жалағаш ауданының мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен - мектептегі соңғы қоңырау салтанаты Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейде де «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шарамен өтті. Шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Ердаулетова, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
         Шара барысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мектеп ұстаздары және мектеп оқушылары «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды, «Аманат» тапсыру рәсімі өтті.
         Шара барысында аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. 
          Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. 
Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.

Биылғы оқу жылында ауданымызда 345 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның ішінде аудан бойынша 25 оқушы «Алтын белгіге», 11 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейін 2017-2018 оқу жылында 31 оқушы бітіреді. Олардың барлығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Бұл оқушылардың 2-уі «Алтын белгіге, 1-уі «Үздік аттестатқа» үміткер. Осы бітірушілердің арасында 1 оқушы, атап айтқанда Қостай Дана Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің  «Халықаралық қатынастар» факультетінің грантын жеңіп алды. Аудан орталығындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей аудандағы өзіндік орны бар іргелі оқу орындарының бірі болып есептеледі. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша 4 рет (2007, 2011, 2015, 2016 ж.ж) Республикадағы «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Аудан мектептері арасында жыл сайын «Үздік мектеп» номинациясын иеленіп, алдыңғы орында келеді. 2017-2018 оқу жылында мектеп мұғалімдері, оқушылар бірқатар халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жетістіктерге жетіп, аудан абыройын асқақтатып келеді.

















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру