Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар «ТАҢ ЛТД» ЖШС ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

«ТАҢ ЛТД» ЖШС ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың қатысуымен бүгін Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жыл қорытындысымен озат еңбеккерлерді марапаттау рәсімі өтті.
23.11.2017 18:30:01 | 518 рет қаралды

Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың қатысуымен бүгін Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жыл қорытындысымен озат еңбеккерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Сыр елінің ризығына айналған ақ күріштен тау тұрғызған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1163 гектар жерге сыр маржанын егіп, әр гектардан 67 центнерден астық жинап жылды зор табыспен аяқтады. Жер ананың жомарттығының арқасында жаздайғы маңдай тердің берекелі биігіне шыққан «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің озат еңбеккерлерін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов марапаттап, автокөлік кілтін табыстады. Озат еңбеккерлер қатарында «Таң ЛТД» ЖШС-нің агрономы Е.Ақбергенов, өзіне бекітілген 45 гектар жерден, әр гектардан 80 центнерден өнім алған күрішші Ж.Шондыбаев, өзіне берілген 500 гектар жерден, әр гектардан 70 центнерден өнім алған Мырзабай ахун ауылының тұрғыны, бригадир Е.Базарбаев, үздік шаруашылық механизаторы С.Құлахметов бар.

Астық - Отан байлығы десек,сол байлықты төкпей-шашпай жинап алған дихан қауымы бүгінде зор қуанышқа кенелуде. 








Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру