Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАҒЫЛЫМЫ КЕНЕН МЕКТЕП

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАҒЫЛЫМЫ КЕНЕН МЕКТЕП

Жас ұрпақ білімді болса, елдің келешегі кемел болары ақиқат. Жастардың білімді болуы жаһандық дәуірде бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізін қалауына жол ашады. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына жол ашатын заманауи талаптар. Мұндағы негізгі ой – білім бәйгесінде биіктен көрінетін білікті маман, уақыт талабына сай, кез келген кезеңде бәсекеге дайын тұлға қалыптастыру
23.01.2020 16:36:31 | 37 рет қаралды

Білім – сауатты болудың іргетасы ғана емес, кемелденіп, келешекке нық қадам басқан әлемнің алпауыт елдерімен терезе теңестірудің күре­тамыры, алтын көпірі. Білім бар жерде өрлеу де бар, өсу де бар, жетілу мен кемелдену де толастамақ емес. Біздің аудан білім саласына келгенде ауыз толтырып айтарлықтай, көпке мақтанарлықтай жетістікке жетті. Жыл сайынғы сынама тесттің нәтижесімен, республикалық, қала берді халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып жүрген талапты шәкірттерімен қашан да алдыңғы қатардан көрініп келеді. Осындай қарқынмен, қабілетпен, жүйелі жұмыс, жан-жақты ізденіс толастамаса бұл саланың кенжелеп қалмайтыны анық. Аудан орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі – З.Жарқынбаев атын­­­дағы №202 орта мектепте де «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иелері жыл сайын артуда. Есімі елге та­нылған қоғам қайраткері, туған жері мен халқына елеулі қызмет жасаған, саналы ғұмырында бірнеше ауданның партия комитеттерінде бөлім меңгеруші, хатшы, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, тағы басқа да абыройлы әрі жауапты қызметтерді атқарған Зейнолла Жарқынбаевтың атын арқалаған білім ошағынан дарынды шәкірттердің көптеп шығуы заңдылық та болар. Туған елі мен жеріне адал қызмет етіп, оған қоса сан алуан тақырыпта қалам тербеп, оқырманын тапқан талантты азамат­тың басшылық, ұйымдастырушылық, іскер­лік қабілеттері көпке үлгі боларлықтай.


Ақпарат көзі: -

Кіру