Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ТӨЛЕУБАЙ ҮРКІМБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ТӨЛЕУБАЙ ҮРКІМБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында халық ақыны Төлеубай Үркімбаевтың 120 жылдығына арналған «Тұғыры биік мәңгілік» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
02.10.2018 09:20:49 | 283 рет қаралды



Айтысқа Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан 10 ақын қатысты.

Ақындар шайырдың өмір жолы мен алғашқы астанамыз бен бүгінгі астана туралы тілге тиек етіп, еліміздің саяси өмірі мен қоғамдық құбылыстарды, ұлттық идеямызды, салт-дәстүрімізді, тағылымы мол тарихымызды жырлады.




Айтыстың алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы алып, аламанға түскелі отырған озық ойлы, орақ тілді айтыскерлерімізге сәттілік тіледі.

-    Төл өнеріміз айтысты Жалағаш жұртының асығып, сағына күтетіні белгілі. Бүгінгі додада ақындарымыз ел құрметіне бөленген айтулы тұлғаны қадір тұту, кейінгі ұрпаққа өнегесін жеткізу, ерлікке толы еңбегін шабытына арқау етіп, жырдан шашу шашатынына сенімдіміз – дей келе, айтысқа қатысушы ақындарға сәттілік пен шалқар шабыт тілей отырып, өрелі сөз айтып, өнер сүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлайтын әдемі айтыс үлгісін танытуларына тілектестік білдірді.







Айтыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде айтыскерлер өзара жұп болып айтысса, ақтық мәреде «Құлманбет» айтысы бойынша жеңімпаздар анықталды.








Жыршы-термеші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазылар алқасының төрағасы Жұмабек Аққұлов бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қызылордалық Әбілда Бақдәулет иеленсе, І орынды Қазалы ауданы, Майдакөл ауылынан келген Серіков Бекзат иемденді. Жүлделі ІІ орынды қызылордалық Сандыбай Піржан иеленсе, ІІІ орынды шиелілік Төлеген Айқын, қазалылық Әбдіхан Бекзат, қармақшылық Серік Еркебұлан өзара бөлісті. Жеңімпаздар және барлық қатысушылар арнайы Дипломдарға, қаржылай сыйлықтарға ие болды.




Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру