Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «Цифрлық Қазақстан -2020»

«Цифрлық Қазақстан -2020»

Жалағаш ауданы бойынша халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бой­ынша оқыту курстары ұйымдастырылып ауыл тұрғындары, оның ішінде зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтар тегін оқытылды.
10.07.2018 23:43:17 | 280 рет қаралды



 Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда және ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы «Адам капиталын дамыту» бағыты көзделген.

Осыған орай, Жалағаш ауданы бойынша халыққа арналған базалық цифрлық дағдылар бой­ынша оқыту курстарын өткізу, қайта даярлау мақсатында аудан, ауыл тұрғындарын, оның ішінде зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтар іс-шара кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 10 мамыр мен 12 маусым аралығында тегін оқытылды. «Базалық оқу» және «Ашық үкімет» бағдарламалары бойынша 1761 адамды оқыту жоспарланып, 2808 адам оқытылды. Сондай-ақ «е-gov» бағдарламасы бойынша 1100 адам, «e-commerce» бағдарламасы бойынша 200 адам оқытылды.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері, бағдарламашылар арқылы жүргізілді. Оқу аяқталғаннан кейін тұрғындардың білім деңгейін анықтау мақсатында бағдарлама арқылы тест сынақтары алы­нып, нәтижесінде тұрғындардың көрсеткіші «жақсы» деп бағаланды. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатындағы оқыту курстары бойынша жұмыстар, келесі жылы да жалғасын табатын болады.



Жаңадария ауылы, оқу курсы


Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру