Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН

ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН

Шәкіртінің жеңісі – ұстаз еңбегінің жанғаны. Қашанда ізденуден жалықпайтын, зерделі де талапты шәкірттерді тәрбиелеуде ардақты жандардың сіңірер еңбегі зор. Аудандық З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп оқушылары білім додасында топ жарып, аудан мерейін тағы бір асқақтатты.
09.10.2018 17:15:05 | 159 рет қаралды

Жуырда Ақтөбе қаласында Платон – халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты республикалық байқауы өтті. ХХ ғасырда қазақ елінің мақтанышына айналған, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының ғибратты мұрасын жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға біздің аудан атынан аталған мектептің бірнеше оқушысы қатысты. Байқау барысында қатысушылар тіл білімінің атасы, біртуар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, білім сайысында қоғам қайраткерінің қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салумен қатар, ғылым тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу сынды жаңадан үлгі ұсынған реформатор екені айтылды.

Еліміздің әр облысынан келген оқушыларды сынға салған білім бәйгесінде жалағаштық өрендер оза шапты. 5-8 сыныптар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша аталған білім ошағының 6 «ә» сынып оқушысы Меруерт­ Тоқшылық пен 9-11 сыныптар арасында 9 «ә» сынып оқушысы Рабия­ Баймағанбет І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, жеке шы­ғармашылығын арнауда «Халқының асыл ұстазы» атты жүрекжарды жыр шумақтарымен көз­ге түскен 9 «б» сынып оқушысы Сәуле Амангелді де көптің көңілінен шығып, жеңімпаз атанды.

Иә, талай жүйріктің бағы жанып, ұстаз ме­рейі тасыған білім додасында аудан жас­тары қатарластарынан оқ бойы озық болды. Әрине, оқушылардың мұндай көрсеткішке қол жеткізіп, биіктен көрінуі алдымен білікті ұстаздың еселі еңбегінің жемісі. Рухани құндылықтарды тереңінен ұғындырып, сапалы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға ата-аналар да алғыс айтуда.

 


Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру