Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасап жүрген ұлағатты ұстаз есімі – қашан да ардақты. Бүгін аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде « Мың алғыс саған, Ұстазым!» атты аудан білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.
05.10.2018 18:25:10 | 230 рет қаралды



Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы ашып, еркін елдің ертеңі - бүгінгі жас ұрпаққа кемел білім мен кенен ғылым нәрін сусындатқан ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.




 Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен 87,5 балды құрап, ауданымыз биылғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Сонымен бірге, биыл облыс әкімінің грантымен 6 түлек жоғары оқу орнына, мектеп бітірген 344 бітірушінің 334-і (97 пайызы) жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына түсті.

Әрине, бұл көрсеткіштерде Сіздердің үлестеріңіз зор, құрметті ұстаздар! - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Жиында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, біліммен сусындатқан бірқатар мұғалімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қызылорда облысы әкімінің, облыстық «Нұр Отан» партиясының, аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамоталарымен, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.




 Сондай-ақ, 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен үздік, жаңашыл, шығармашыл деп танылған №201, №123, №202, №114 мектептер және №19 санаторлық бөбекжай ұжымы «Табысты мектеп», «Білім бәйтерегі», «Жеңістің биік тұғыры» «Білім шыңы», «Үздік мектепке дейінгі білім беру ұйымы» номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарды иеленді.

Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі, əуез мектебі көркемөнерпаздарының, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.








Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz

Кіру