Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

14 маусым Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
17.06.2019 10:27:57 | 84 рет қаралды

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 87 жоғары білімді дәрігер, 461 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда.

14 маусым Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның медицина саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

-  Биыл аудан орталығынан типтік жобадағы 100 орындық жаңа аурухананың жобалық - сметалық құжаттары жасалып, құрылысы басталды. Жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын үш қабатты аурухана терапия, хирургия, реанимация, босану-гинекология, қан алу сияқты бірнеше бөлімді қамтиды. Ауқымды жұмысты құрылыс саласындағы тәжірибелі компания – «Әбу-Сер» ЖШС қолға алып, келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда құрылыс басындағы жұмыстар қарқын алды. Мұнда 90 адам еңбек етуде. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 20-сы жалағаштық тұрғындар.

Салтанатты жиында ауданның үздік дәрігерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі"  және «Медицина саласының даңқты қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

Айта кету керек, қазіргі таңда  аудан халқына – аудандық  орталық  аурухана,  2 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Дипломмен  ауылға бағдарламасы бойынша» 6 жас маман дәрігерлер жұмыспен қамтылды. 2019 жылы жоғарғы оқу орнын бітіретін 8 дәрігерді жұмыс орнымен қамту жоспарлануда.

Ақпарат көзі: -

Кіру