Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Театрландырылған көріністен бастау алған мерекелік концертте аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз алып, ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
21.05.2019 23:03:56 | 86 рет қаралды

Бүгін 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Театрландырылған көріністен бастау алған мерекелік концертте аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз алып, ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Қазіргі таңда аудан мәдениеті саласы қызметкерлері уақыт қойып отырған талаптар деңгейінен жоғары дәрежеден көрінуде. Аудан, ауыл мәдениетінің дамуына назар аударылып, қажетті жағдайлар жасалып келеді,-деді Жағыпар Айтбайұлы құттықтау сөзінде.

Мерекелік концертте өз саласында жетістікке жетіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері Қазақстандық салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Алғыс хатымен, ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен, «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің Алғыстарымен марапатталды.

Салтанатты шара облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. .

Айта кету керек, қазіргі таңда Жалағаш аудандық  мәдениет мекемелері желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Оның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 Бұқарбай батыр атындағы тарихи мұражай аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Ауданнан шыққан талантты жас өнерпаздар былтырғы жылы облыстық байқаудан 25 жүлделі орын алса, республикалық байқауға 28 өнерпаз қатысып, 4 өнерпаз Халықаралық байқауға қатысуға жолдама алды. Сонымен бірге 4 Халықаралық байқаудан 20 жүлделі орындарды иеленіп, 3 өнерпаз шет елдерде өтетін конкурс-фестивальдерге жолдама алды.

Ақпарат көзі: -

Кіру