Бастапқы ету
Cұрақ-жауап Мемлекеттік сатып алу "Азаматтарға арналған үкімет" Жалағаш аудандық бөлімі Жалағаш ауданы туралы Фотогалерея Қонақтар кітабы Кері байланыс Аудан картасы Сайт картасы   Негізгі беткеБайланыс жасау
 
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Нормативтік-құқықтық актілер
Әкімдіктің құрылымы
Аудандық мәслихат
Кент, ауылдық округі әкімдіктері
Аудандық бөлімдер
Халықпен жұмыс
Мемлекеттік қызмет
Cайлау туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы
Құқық бұзушылық профилактикасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Экономика
Бюджет
БИЗНЕС
Мемлекеттік қызмет көрсетулер
Тұрғын үй салуға жер учаскесі кезегі
Тұрғын үй кезегі
Жасыл экономика
Пайдалы ақпарат
Бизнестің жол картасы-2020
Көп балалы аналарға арналған наградалар
Қоғам-ішкі саясат

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1 2 3 4 567
89 10 11 12 1314
15161718192021
22 232425262728
293031

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Өтініш жасап көрген жоқпын


Подписка на рассылку
 


 
 
Жаңалықтар
 
22.05.2017  «БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары

«БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...

Таяуда, ағымдағы жылдың сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді сол арқылы кез келген ниет білдіруші азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайында тікелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкіндік берілген. Біздің редакция осы Блогта жарияланған, ең жиі қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.

¾БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкі сенімгерлікпен басқарады. Бұл заңды 2013 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдағанын еске сала кеткен жөн.

Бұл жерде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелген.Бұл Кеңестің құрамына ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Есеп комитетінің, ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлері енген.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына:Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Зейнетақы активтері сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тізбесі жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіліп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің борышқорлық құнды қағаздарымен қатар, теңге, шетелдік валюта және алтынмен салынған депозиттер бар.

Осылайша елімізде зейнетақы активтерін басқару бойынша шешімдер қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесі құрылған.

БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымы туралы бүкіл ақпарат, ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №199-шы қаулысына сәйкес, тоқсан сайын БЖЗҚ интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.

Бұл ақпараттар сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерден тұрады.

Сәйкесінше бұл мәліметтердің құрамында эмитенттер, қаржы құралдарының түрлері, қаржы құралдары номинирленген валюталар, сондай-ақ, БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының үлестік салмағы, атаулы және ағымдағы құны туралы мағлұматтар бар.

Аталған мәліметтер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында онлайн-режімінде «Инвестициялық қызмет – «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» бөлімінде қол жетімді.

¾Зейнетақы Қорынан ақшаны зейнеткерлік жасқа жетпей жатып алуға бола ма?

Ағымдағы заң талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын

зейнеткерлік жасқа жетпей жатып пайдалануға болмайды. Өйткені, міндетті зейнетақы жарналарын аударудағы басты стратегиялық мақсат – зейнеткерлікке шыққан салымшының тіршілігін қажеттілігін қамтамасыз ету.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мәселесі әр түрлі деңгейде бұған дейін талай рет талқыланған. Мысалы, кейбір елдерде «артығымен жинақталған» зейнетақы жинақтарын (зейнеткерлікке шыққан кезде өмір сүруге жеткілікті ең төмен зейнетақы жинағы мөлшерінен артық сома) емделуге, білім алуға және басқа да мақсаттарға жұмсау көзделген. Бірақ, Қазақстанда қазіргі таңда заңнамалық деңгейде бұл бастамалар жүзеге асырылған жоқ.

Бүгінгі таңда ағымдағы заңнама аясында БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңында көрсетілген жағдайлар туындағанда, яғни ерлер 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толғанда (бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда)және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедек жандарға төлене бастайды.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған жағдайлар туындағанға дейін, Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды зейнетақы шотыңыздағы қаражатыңыз ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етугежеткілікті болған кезде сақтандыру ұйымдарының бірімен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы ала аласыз.

Бұл ретте осы заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ерлер 55 жасқа толғанда;әйелдер 50 жасқа толғанда;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы.

Зейнетақы жинақтарының нақты жеткілікті мөлшері сақтандыру ұйымдарымен жасалатын зейнетақы аннуитеті шартының шарттарымен белгіленеді.

Әрбір сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажет болатын зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерін дербес есептейді.

Дегенмен, зейнетақы аннуитеті шарты негізінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару тәжірибесіне сүйеніп айтар болсақ, зейнетақы жинақтарының сомасы 55 жастағы ерлер үшін шамамен 7 млн. теңге, ал 50 жастағы әйелдер үшін шамамен 9,8 млн. теңгені құрайды.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудару туралы шешім қабылдай отырып, зейнетақы аннуитеті шартын тиянақты оқу қажет. Бұл жерде бір жолғы төлемдер мен жылдық төлемдердің мөлшеріне, кепілдендірілетін кезеңге баса назар аударған жөн.

¾Айтыңызшы, мен азаматтығы жоқ адаммын, Ресейде тұруға ықтиярхатым бар. Осыған байланысты өзімнің зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.

Бұл тәртіп, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазан­дағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнет­ақы төлемдерін жүзеге асыру қағида­ларында айқындалған.

Мысалы, онда 8-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақ­тары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

1) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;

2) егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

3) алушының банк шоты туралы мәлімет­терді ұсынады.
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын, Қазақстан Республикасы мойындайтын бірден бір құжат – шетелдік паспорт болып табылады.

Сондықтан зейнетақы төлемдерін алу үшін ықтияр хат емес, шетелдік паспорт қажет.

¾Таяуда зейнетақы шотыма мемлекеттік кепілдік бойынша өтемақы келіп түсті. Бұл соманы есептейтін әдістеме бар ма және оны қай жерден көруге болады?

Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекет кепілдігі сомасын есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ 341 қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларымен» айқындалады.

Бұл Қағидалармен біздің сайтта мына сілтеме бойынша таныса аласыз:

http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/5a0/5a0d0bc5364d4727771a3bdf67b7acaa.pdf

¾Ұялы қосымшаны телефонға қалай жүктеуге және зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені қалай көруге болады?

Смартфондар мен планшеттерге арналған, әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтінENPF ұялы қосымшасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушыларына арналған.

Қосымшаның функционалы Қор туралы маңызды ақпараттарды, сондай-ақ зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

ENPF ұялы қосымшасын сіз App Store (iOS платформасы үшін), Play Market (Android платформасы үшін) және Microsoft Store (Windows Phone және Windows Mobile платформалары үшін) қосымшылар дүкенінен тегін жүктеп ала аласыз.

Авторлану үшін логин және құпия сөз (пароль) керек. Солардың көмегімен салымшы (алушы) Қор сайтында жеке кабинетке кіре алады. Қазіргі таңда логин ретінде өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізсеңіз болғаны.

Егер Сіз хабарлау тәсілі ретінде интернет-хабарландыру қызметін таңдаған болсаңыз сайттың жеке кабинетіне тіркеле аласыз. Ал егер оны таңдамаған болсаңыз, БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын куәлігіңізбен келіп, хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытта ғана алады.

Бұдан кейін Сіз біздің мамандардың көмегімен сайтта тіркеле аласыз.




«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



«« | »» « Кері қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар





Жалағаш а.
























Жалағаш ауданы
әкімі аппаратының
ресми сайты
Аудандық мәслихат Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы


Мекен-жайымыз:
индекс: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы
Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(72431) 31454
Хаттар қабылдайтын бөлімнің тел.факс: 8(72431) 31757
E-mail: zhalagash@korda.gov.kz
*


Жалағаш кентіАқсу а/оАққұм а/оАламесек а/оАққыр а/оБұқарбай батыр а/оЕңбек а/оЖаңадария а/о Жаңаталап а/оҚаракеткен а/оМ.Шәменов а/оМақпалкөл а/оМәдениет а/оМырзабай ахун а/оТаң а/о

© 2008-2016 “Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі”. (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің тіркеу туралы 15.09.2011 ж. №531 куәлігі.)
Яндекс.Метрика