Бастапқы ету
Cұрақ-жауап Мемлекеттік сатып алу "Азаматтарға арналған үкімет" Жалағаш аудандық бөлімі Жалағаш ауданы туралы Фотогалерея Қонақтар кітабы Кері байланыс Аудан картасы Сайт картасы Бос жұмыс орындары   Негізгі беткеБайланыс жасау
 
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Нормативтік-құқықтық актілер
Әкімдіктің құрылымы
Аудандық мәслихат
Кент, ауылдық округі әкімдіктері
Аудандық бөлімдер
Халықпен жұмыс
Мемлекеттік қызмет
Cайлау туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы
Құқық бұзушылық профилактикасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Экономика
Бюджет
БИЗНЕС
Мемлекеттік қызмет көрсетулер
Тұрғын үй салуға жер учаскесі кезегі
Тұрғын үй кезегі
Жасыл экономика
Пайдалы ақпарат
Бизнестің жол картасы-2020
Көп балалы аналарға арналған наградалар
Қоғам-ішкі саясат

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
12
3 4 5 6789
10111213 14 1516
17 181920212223
24252627282930
31

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Өтініш жасап көрген жоқпын


Подписка на рассылку
 


 
 
Жаңалықтар
 
26.06.2017  Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күні мерекесі

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыруда ауқымды істер жүзеге асырылуда. Өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің егеменді, тәуелсіз, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосып келе жатқан мемлекеттік қызметшілер мен ел қорғаны полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен.

Бүгін Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай салтанатты шара өтті. Шараны аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, ел үшін ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін, облыс әкімінің Алғыс хатын, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттарын» табыстады.

Салтанатты шарада сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаевтар сөз алып, елге елеулі еңбек сіңіріп жүрген қос саланың ардагерлерін, қызметшілерін департамент басшысының «Алғыс хаттарымен», Облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен», аудандық ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» марапаттады.

Салтанатты шарада ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н.Ибраев бірқатар сала ардагерлерін Қызылорда облысы ішкі істер органдары ардагерлері кеңесі төрағасының «Алғыс хатымен», Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті басшысының құзырымен полиция қызметкерлерін «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгісімен, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлерін, мамандандырылған күзет қызметі басқарма басшысының «Алғыс хатымен» аталмыш сала ардагерлерін, сонымен бірге Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» ішкі істер қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шара мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.


«« | »» « Кері қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар





Жалағаш а.
























Жалағаш ауданы
әкімідігінің ресми
интернет-ресурсы
Аудандық мәслихат Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы


Мекен-жайымыз:
индекс: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы
Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(72431) 31454
Хаттар қабылдайтын бөлімнің тел.факс: 8(72431) 31757
E-mail: zhalagash@korda.gov.kz
*


Жалағаш кентіАқсу а/оАққұм а/оАламесек а/оАққыр а/оБұқарбай батыр а/оЕңбек а/оЖаңадария а/о Жаңаталап а/оҚаракеткен а/оМ.Шәменов а/оМақпалкөл а/оМәдениет а/оМырзабай ахун а/оТаң а/о

© 2008-2017 “Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі”. (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің тіркеу туралы 15.09.2011 ж. №531 куәлігі.)
Яндекс.Метрика