Бастапқы ету
Жалағаш ауданы туралы Cұрақ-жауап Мемлекеттік сатып алу "Азаматтарға арналған үкімет" Жалағаш аудандық бөлімі Фотогалерея Қонақтар кітабы Кері байланыс Аудан картасы Сайт картасы Бос жұмыс орындары   Негізгі беткеБайланыс жасау
 
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Нормативтік-құқықтық актілер
Әкімдіктің құрылымы
Аудандық мәслихат
Кент, ауылдық округі әкімдіктері
Аудандық бөлімдер
Халықпен жұмыс
Мемлекеттік қызмет
Cайлау туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы
Құқық бұзушылық профилактикасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Экономика
Бюджет
БИЗНЕС
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Тұрғын үй салуға жер учаскесі кезегі
Тұрғын үй кезегі
Пайдалы ақпарат
Көп балалы аналарға арналған наградалар
Қоғам-ішкі саясат

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1
23 4 5 678
910 11 12 13 1415
16 17 18 19202122
23 24 2526272829
30 31

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Өтініш жасап көрген жоқпын


Подписка на рассылку
 


 
 
Жаңалықтар
 
04.09.2017  БЖЗҚ - БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: «БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы


Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген.

2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар:

- «Имсталькон» АҚ;

- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді.

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

- «Қазақстан қағазы» АҚ эмитентіне қатысты оңалту жұмыстары жүргізіліп

жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 12,5 млрд теңге.

- «Имсталькон» АҚ эмитентіне қатысты оңалту рәсімінің күші жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық іс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы – 3,4 млрд теңге.

- 13 эмитент бойынша берешектерді Қор пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімі шығарылды, қазір орындаушы өндіріске ілеспе қызмет көрсетіліп жатыр («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 8,8 млрд. теңге);

- 5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 15,1 млрд. теңге);

- 1 эмитент бойынша сотқа дейінгі реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр (SAMARCO MINERACAO SA; Берешектің атаулы құны бойынша жалпы сомасы – 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шілдесіне дейінгі аралықта Қор алдында өтелген берешектердің жалпы сомасы 1,67 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

– 2014-2015 жылдары – 1,3 млрд. теңге;

– 2016 жылы – 0,194 млрд теңге;

– 2017 жылы – 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкін болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндіріп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтіруден түскен табыстар болып есептеледі және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестіріледі.

Атап өту керек, берешектерді азаматтық тәртіпте өндіріп алу тәсілдері таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердің қызметін және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабілетсіздігіне жеткізгендіктерін тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдады.

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық зерттеу қызметіне арыз жолдады.

БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де залал келтірген тұлғаларға қатысты сот шешімдерінің шығарылуына күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


«« | »» « Кері қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар





















Жалағаш а.






Жалағаш ауданы
әкімідігінің ресми
интернет-ресурсы
Аудандық мәслихат Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы


Мекен-жайымыз:
индекс: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы
Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(72431) 31454
Хаттар қабылдайтын бөлімнің тел.факс: 8(72431) 31757
E-mail: zhalagash@korda.gov.kz
*


Жалағаш кентіАқсу а/оАққұм а/оАламесек а/оАққыр а/оБұқарбай батыр а/оЕңбек а/оЖаңадария а/о Жаңаталап а/оҚаракеткен а/оМ.Шәменов а/оМақпалкөл а/оМәдениет а/оМырзабай ахун а/оТаң а/о

© 2008-2017 “Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі”. (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің тіркеу туралы 15.09.2011 ж. №531 куәлігі.)
Яндекс.Метрика