Бастапқы ету
Жалағаш ауданы туралы Cұрақ-жауап Мемлекеттік сатып алу "Азаматтарға арналған үкімет" Жалағаш аудандық бөлімі Фотогалерея Қонақтар кітабы Кері байланыс Аудан картасы Сайт картасы Бос жұмыс орындары   Негізгі беткеБайланыс жасау
 
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Нормативтік-құқықтық актілер
Әкімдіктің құрылымы
Аудандық мәслихат
Кент, ауылдық округі әкімдіктері
Аудандық бөлімдер
Халықпен жұмыс
Мемлекеттік қызмет
Cайлау туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы
Құқық бұзушылық профилактикасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Экономика
Бюджет
БИЗНЕС
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Тұрғын үй салуға жер учаскесі кезегі
Тұрғын үй кезегі
Пайдалы ақпарат
Көп балалы аналарға арналған наградалар
Қоғам-ішкі саясат

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1
23 4 5 678
910 11 12 13 1415
16 17 18 19202122
23 24 2526272829
30 31

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Өтініш жасап көрген жоқпын


Подписка на рассылку
 


 
 
Жаңалықтар
 
02.09.2017  АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шаралар аудандағы барлық мектептерде сән-салтанатымен өтті. Биылғы жаңа оқу жылының қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келуінің өзі көңілге қуаныш ұялатады.

Осындай айрықша мәні бар жиын аудан орталығындағы №202 орта мектебінде де ұйымдастырылды. Аталмыш мектептен былтырғы оқу жылында жаңа форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 10 оқушы мемлекеттік және «Серпін» бағдарламасы бойынша грант иегерлері атанған.

Оқушыларды алғашқы оқу күнімен аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов құттықтап, «Білім беру саласында ауданымызда үлкен іргелі өзгерістер, жақсы нәтижелер бар. Білім беру саласының басты критерийі – ұлттық бірыңғай тестілеу болса, біздің ауданымыз биылғы оқу жылында да үлкен нәтижелерді көрсетті. Ауданымыз ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша алдыңғы үштікте» - дей келе, ұстаз бен шәкірт үшін ерекше күн – Білім күні мерекесімен жиналған жұртшылықты құттықтап, жаңа оқу жылы табысты, жеңісті болсын деген ізгі ниетін білдірді.

Сонымен қатар, жиналған қауымды ардагер ұстаз Ә.Ералиев құттықтап, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тіледі.

Салтанатты шарада оқушы анты беріліп, алғашқы қоңырау соғу рәсімі өтті. Білім алушылар ұстаздар қауымына, алтын ұя – мектептеріне арналған әсем әндерді әуелете шырқады.

Барлық сыныптарда Республикалық «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында алғашқы сабақтар өткізілді.

Салтанатты шарадан кейін аудан әкімінің орынбасары 1 және 11-сынып оқушыларының сыныптарын аралап, оқушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар ұштастыра берулеріне тілек білдірді.

Биылғы оқу жылында №202 орта мектепте 57 жас өрен алғаш мектеп табалдырығына қадам басып отыр.










«« | »» « Кері қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар





















Жалағаш а.






Жалағаш ауданы
әкімідігінің ресми
интернет-ресурсы
Аудандық мәслихат Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы


Мекен-жайымыз:
индекс: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы
Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(72431) 31454
Хаттар қабылдайтын бөлімнің тел.факс: 8(72431) 31757
E-mail: zhalagash@korda.gov.kz
*


Жалағаш кентіАқсу а/оАққұм а/оАламесек а/оАққыр а/оБұқарбай батыр а/оЕңбек а/оЖаңадария а/о Жаңаталап а/оҚаракеткен а/оМ.Шәменов а/оМақпалкөл а/оМәдениет а/оМырзабай ахун а/оТаң а/о

© 2008-2017 “Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі”. (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің тіркеу туралы 15.09.2011 ж. №531 куәлігі.)
Яндекс.Метрика