Бастапқы ету
Жалағаш ауданы туралы Cұрақ-жауап Мемлекеттік сатып алу "Азаматтарға арналған үкімет" Жалағаш аудандық бөлімі Фотогалерея Қонақтар кітабы Кері байланыс Аудан картасы Сайт картасы Бос жұмыс орындары   Негізгі беткеБайланыс жасау
 
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
Нормативтік-құқықтық актілер
Әкімдіктің құрылымы
Аудандық мәслихат
Кент, ауылдық округі әкімдіктері
Аудандық бөлімдер
Халықпен жұмыс
Мемлекеттік қызмет
Cайлау туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы
Құқық бұзушылық профилактикасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
Экономика
Бюджет
БИЗНЕС
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Тұрғын үй салуға жер учаскесі кезегі
Тұрғын үй кезегі
Пайдалы ақпарат
Көп балалы аналарға арналған наградалар
Қоғам-ішкі саясат

ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1
23 4 5 678
910 11 12 13 1415
16 17 18 19202122
23 24 2526272829
30 31

Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Өтініш жасап көрген жоқпын


Подписка на рассылку
 


 
 
Жаңалықтар
 
24.10.2017  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ: Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.


Футбол«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда облысының әкімдігімен арадағы қол қойылған ынтымақтастық және өзара әрекеттестік жөніндегі Меморандум талаптарын жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда Қор Қармақшы аудандық әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Қызылорда облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдерімен бірге тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2017 жылғы 24 қазанда, сейсенбі күні БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері Қармақшы ауданының «К. Рустембеков атындағы Жыраулар Уйі»» орталығында аудан әкімдігінің активтері, сондай-ақ мемлекеттік органдар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы өкілдері және тұрғындармен кездесті.

Өзінің алғы сөзінде «БЖЗҚ» АҚ Қармақшы аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Өміртаев Өмірбек тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қаржылық сауаттылығын, зейнетақы заңнамасы және Қор қызметіндегі жаңа енгізілімдер туралы хабардарлығын арттыру жолында қызу жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Біз зейнетақы жүйесін әрбір адамға түсінікті етуге күш салып жатырмыз. Барлық тұрғындар мектеп қабырғасынан бастап зейнетақының не екендігін жете түсініп, болашақта өздерін лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін сауатты шеше білгендігін қалаймыз», - деді Қызмет көрсету орталығының басшысы.

Түсіндіру жұмыстары және таныстырылымдық материалдар өте мазмұнды болды. Әсіресе «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталатын таныстырылым қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда Қор мамандары зейнетақы жүйесінің үш деңгейі туралы жан-жақты әңгімеледі.

Сонымен қатар қатысушылар БЖЗҚ-ның артықшылықтары туралы бейнеролик тамашалап, зейнетақы активтері біріктірілген соң, комиссиялық сыйақының көлемі бұған дейін жеке зейнетақы қорлары алып келген комиссиялық сыйақы көлемінен едәуір азайғандығын білді.

Одан басқа, зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған соң әкімшілік шығындар азайтылып, салымшылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық стратегияның қайта қаралғандығы айтылды.

Шара қонақтары www.enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны айқындау бойынша интерактивтік шеберлік сыныбынан өтті.

Салымшылардың бірінің айтуынша, мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек.

«Өте қызықты болды, - деді қонақ, - мен көп нәрсе білдім. Енді зейнеткерлікке шыққанда қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды, сондай-ақ зейнетақы жүйесінің көп деңгейден тұратындығын білдім және басқа да көптеген мағлұматтар алдым. Шақырағандарыңыз үшін рахмет. Келесі жолы да міндетті түрде келемін».

Шара соңында оған қатысушылар БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерімен танысты.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бірлікті құрады.

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейі 3,8 пайыз болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қордың басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz




«« | »» « Кері қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар





















Жалағаш а.






Жалағаш ауданы
әкімідігінің ресми
интернет-ресурсы
Аудандық мәслихат Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы


Мекен-жайымыз:
индекс: 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы
Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 12
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(72431) 31454
Хаттар қабылдайтын бөлімнің тел.факс: 8(72431) 31757
E-mail: zhalagash@korda.gov.kz
*


Жалағаш кентіАқсу а/оАққұм а/оАламесек а/оАққыр а/оБұқарбай батыр а/оЕңбек а/оЖаңадария а/о Жаңаталап а/оҚаракеткен а/оМ.Шәменов а/оМақпалкөл а/оМәдениет а/оМырзабай ахун а/оТаң а/о

© 2008-2017 “Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі”. (Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің тіркеу туралы 15.09.2011 ж. №531 куәлігі.)
Яндекс.Метрика